Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада түнгі автобус бағыттары іске қосылады

Астанада түнгі автобус бағыттары іске қосылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.06.2024 10:33 Сурет: Zakon.kz
Астанада түнде үш автобус бағыты жүреді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 4 маусымда City Transportation Systems хабарлады.

"Жазғы кезеңнің басталуымен қаланы бұдан да ыңғайлы әрі қолжетімді ету мақсатында №201, 202, 203 түнгі маршруттарды іске қосу жоспарлануда. Енді елорда тұрғындары мен қонақтары түнгі уақытта, сағат 00:00-ден 06:00-ге дейін қала бойынша оңай әрі жайлы қатынай алады", - делінген хабарламада.

Маршруттар негізгі көлік тораптарын қамтиды және қаланың негізгі аудандарын байланыстырады.

Компания маршрут схемалары мен кестелері туралы толық ақпаратты кейінірек береді.

Бұған дейін Астанада жол жөндеу жұмыстарына байланысты 17 автобус бағытының қозғалыс тәртібі өзгергені хабарланған болатын.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: