Қазақстанда баспанаға қанша жылда қол жеткізуге болады

Дом, жилье, квартира, недвижимость, покупка дома, покупка жилья, покупка недвижимости, покупка квартиры, аренда, аренда квартиры, аренда дома, аренда жилья, съемное жилье, съемная квартира, съемный дом, продажа дома, продажа жилья, продажа квартиры, ипотека, ипотечная программа, ипотечное жилье, дом в ипотеку, квартира в ипотеку, цены на квартиры, цены на жилье, цены на дома, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 16:59 Фото: Zakon.kz/Максим Золотухин
ТМД елдерінде өз баспанасына ие болу – көпшілік үшін басты қаржылық мақсаттардың бірі. Алайда көптеген елдерде оған жету ұзақ жылдарды талап етеді. Посткеңестік мемлекеттерде баспанаға ақша жинау мерзімі негізінен 7 жылдан 17 жылға дейін созылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан аймақтағы ең жақсы нәтижені көрсетіп отыр – шамамен 7 жыл 8 ай. "Геостатистика" арнасы сарапшыларының айтуынша, мұндай айырмашылықтың себебі экономикалық ғажайыптарда емес, азаматтардың табысы мен тұрғын үй құны арасындағы тепе-теңдікте жатыр.

Қазақстан жылжымайтын мүліктің қолжетімділігі бойынша бірінші орынға шықты. Бұған елдегі орташа жалақы мен пәтер бағасының өзара үйлесімді арақатынасы ықпал етті.

Орташа жалақы 830 доллар, ал стандартты екі бөлмелі пәтер бағасы шамамен 76 мың доллар. Бұл өңір үшін сирек кездесетін жағдай – табыс пен баға бір-біріне сай келеді.

Осылайша қазақстандықтар Грузия (10 жыл) немесе Беларусь (11 жыл 2 ай) секілді жалақысы ұқсас елдер тұрғындарына қарағанда баспанаға қаражатты әлдеқайда тез жинай алады. Сарапшылардың пікірінше, Қазақстандағы жылжымайтын мүлік нарығы салыстырмалы түрде тұрақты, халықтың нақты төлем қабілетінен асып кететін жасанды баға өсімі байқалмайды.

Ескерту: бұл есептеуге адамның бүкіл жалақысын толықтай жинақтайтыны негізге алынған. Яғни тамақ, баспана, көлік және басқа да қажетті шығындар ескерілмейді.

Қазақстанда баспанаға қанша жылда қол жеткізуге болады , сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2025 16:59

Сурет: geostatistica

Ресейдегі парадокс

Аймақтағы ең ірі экономика саналатын Ресейде керісінше жағдай қалыптасқан.

ТМД бойынша ең жоғары орташа жалақы (1250 доллар) тіркелгенімен, пәтердің орташа бағасы 193,5 мың долларға жетеді. Соның салдарынан баспанаға жинақтау мерзімі шамамен 13 жылға созылады.

Жылжымайтын мүлік арман болып қалған елдер

Ең күрделі жағдай – табысы төмен мемлекеттерде.

Мысалы, Тәжікстанда орташа жалақы небәрі 288 доллар. Пәтерлер салыстырмалы түрде арзан көрінгенімен (шамамен 54,5 мың доллар), тұрғындар үшін бұл бәрібір қол жеткізу қиын мақсат. Үйге ақша жинау 15 жыл 9 айға созылады.

Ұқсас қиындық Өзбекстанда да бар. Орташа айлық 482 доллар, ал пәтер бағасы 96 мың доллардан асады. Соның нәтижесінде жинақтау мерзімі 17 жылға дейін жетеді – бұл ТМД бойынша ең жоғары көрсеткіш.

ТМД елдеріндегі тұрғын үйдің қолжетімділігі шаршы метрдің номиналды бағасына емес, халықтың нақты төлем қабілетіне тікелей байланысты.

Бұған дейін 24 қарашадағы сауда-саттықта доллар бағамы өсе түскенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: