Алматы қаласының бизнесі үшін тегін салықтық және бухгалтерлік кеңестер өткізіледі

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2026 11:25 Фото: freepik
Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті кәсіпкерлерді қолдауға және салықтық әкімшілендіру сапасын арттыруға бағытталған "Халық бухгалтері" консультативтік бастамасының өткізілетіні туралы мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған акция 2026 жылғы 5 қаңтарда басталып, 2026 жылғы 30 маусымға дейін жалғасады.

2026 жылғы қаңтар-ақпан айларында консультациялар аптасына үш рет – дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін өткізіледі, ал 2026 жылғы наурыз айынан бастап қабылдау аптасына екі рет жүргізіледі.

"Халық бухгалтері" жобасы жеке кәсіпкерлер мен шағын бизнес субъектілеріне бухгалтерлік есеп, салықтық есептілік және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен жұмыс істеу мәселелері бойынша тегін консультациялық көмек көрсетуге бағытталған.

Кеңестерді кәсіби бухгалтерлер мен мемлекеттік кірістер органдарының тәжірибелі қызметкерлері өткізеді.

Алматы қаласында кәсіпкерлерді офлайн форматта қабылдау келесі мекенжайлар бойынша жүзеге асырылады:

  • Әуезов ауданы бойынша МКБ – "Абай" БО, 8-шағын ауданы, 4а;
  • Бостандық ауданы бойынша МКБ – Айманов көшесі, 191;
  • Жетісу ауданы бойынша МКБ – Абылай хан көшесі, 2;
  • Алмалы ауданы бойынша МКБ – Панфилов көшесі, 110;
  • Түрксіб ауданы бойынша МКБ – Шолохов көшесі, 14;
  • Медеу ауданы бойынша МКБ – Достық даңғылы, 136;
  • Алатау ауданы бойынша МКБ – Жанкожа батыр көшесі, 24;
  • Наурызбай ауданы бойынша МКБ – Шұғыла ш/а, 347/2.

"Халық бухгалтері" акциясын іске асыру салық төлеушілермен өзара іс-қимылдың бақылау моделінен сервистік көмек көрсету форматына көшу жолындағы алғашқы қадам болып табылады.

Алдағы уақытта құқықбұзушылықтардың алдын алуға және бизнеске көрсетілетін консультациялық қолдаудың сапасын арттыруға бағытталған қосымша шараларды енгізу жоспарлануда.

Бұған дейін 2026 жылғы 5 қаңтардан бастап кәсіпкерлерді қолдау және бухгалтерлік пен салықтық есепті жүргізу сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі "Халық бухгалтері" акциясын іске қосатындығын жазған болатынбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: