ҚҚС пен акциздердің жаңа ережелері: 2026 жылдан бастап дәрі-дәрмек пен тауар импорттаушылары үшін не өзгереді
Фото: pexels
Дәрілік заттарды импорттау кезіндегі ҚҚС
Дәрілік заттарды импорттауға қолданылатын ҚҚС мөлшерлемесі:
- 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 5%,
- 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 10%.
Сонымен қатар төмендегі бағыттар аясында қолданылатын дәрілік заттар ҚҚС-тан босатылады:
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі,
- міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру,
- жетім балаларды емдеу,
- әлеуметтік маңызы бар ауруларды емдеу.
Аталған санаттарға кірмейтін дәрілік заттар ғана ҚҚС-тан босатуға жатпайды. Мұндай дәрілердің тізбесі мен ҚҚС-тан босату тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен және ҚР Салық кодексінің 479-бабының 17-тармағымен бекітілген.
Импорт кезінде ҚҚС-ты есепке алу әдісі
Импортталатын бірқатар тауарлар бойынша ҚҚС есепке алу әдісімен төленеді.
Бұл тауарлардың тізбесі және оны қалыптастыру қағидалары ҚР Салық кодексінің 508 және 509-баптарымен, сондай-ақ 2025 жылғы 31 желтоқсандағы Үкімет қаулысымен бекітілген.
Акциздер: жаңа мөлшерлемелер және тауарлар тізімінің кеңеюі
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі акцизделетін тауарлар бойынша акциз мөлшерлемелері 10%-ға артты.
Бұл өзгеріс мыналарға қатысты:
- алкоголь өнімдері (шарап пен сырадан басқа),
- темекі өнімдері, оның ішінде фильтрлі сигареттер,
- сыра және алкогольсіз сусындар,
- бензин, дизель отыны және өзге де акцизделетін тауарлар.
Сонымен қатар акцизделетін тауарлар тізімі кеңейтілді:
- энергетикалық сусындар – жаңа салық салу нысаны, мөлшерлемелер кезең-кезеңімен өседі;
- қымбат көлік құралдары, кемелер мен әуе кемелері – егер олардың құны 18 000 айлық есептік көрсеткіштен (автомобильдер) немесе 24 000 АЕК-тен (кемелер мен әуе кемелері) асса, импорт кезінде 10% мөлшерінде "сән-салтанат салығы" салынады.