Электрондық шот-фактуралардың жазып берілуін бақылау: өзгерістер енгізілді

Налоги, пошлины, калькулятор, коммунальные услуги, квитанция, квитанции, налогообложение, налог, платеж, платежи, оплата, коммунальные услуги, коммунальные платежи, коммуналка, квартплата, коммунальный платеж, жилищно-коммунальные услуги, повышение тарифов за коммунальные услуги, долг за коммунальные услуги, задолженность за квартплату, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.03.2026 10:02 Фото: freepik
Мемлекеттік кірістер комитеті жалған шот-фактураларды жазып беруге жол бермеу жөніндегі алдын алу шараларын үнемі жетілдіріп отырады. Салық кодексінде енгізілген новеллалардың бірі ЭШФ жазып беру кезеңінде бақылау жүргізу болып табылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бақылау 2 нысанда – салыстырмалы бақылау және автоматтандырылған бақылау түрінде жүргізіледі.

"Салыстырмалы бақылау жазып берілген ЭШФ-ны салық есептілігімен, уәкілетті органдар мен екінші деңгейдегі банктердің мәліметтерімен және т.б. деректермен салыстыру арқылы жүзеге асырылады. Нақты айналым жасалмай ЭШФ жазып беру белгілері анықталған жағдайда тиісті хабарлама жіберіледі. Жіберілген хабарламалар мерзімінде орындалмаған жағдайда, ЭШФ жазып берілу тоқтатыла тұрады",- делінген ақпаратта.

Бұл ретте бұзушылықтармен келіспеген жағдайда, айналымның нақты жасалғанын растайтын негіздемелермен және мәмілелер бойынша және (немесе) тауарлардың шығу тегі бойынша құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, түсініктеме беріледі.

Ал келіскен жағдайда салыстырмалы бақылау туралы хабарлама тәуекелді ЭШФ кері қайтарып алу жолымен орындалады.

ЭШФ кері қайтарып алу жолымен салыстырмалы бақылау хабарламасын орындаған тәуекелді салық төлеушілер бойынша бұдан әрі ЭШФ жазып берілуіне автоматтандырылған бақылау жүргізіледі.

Ол үшін сатып алынған және өткізілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер негізінде ҚҚС балансы нақты уақыт режимінде есептелетін "е-Тамға" арнайы сервисі құрылды.

Мұндай бақылау шеңберінде ЭШФ жазып беру расталған заңды шығыстар негізінде қолжетімді теңгерім шегінде ғана мүмкін болады. Егер баланс жеткіліксіз болса, жүйе жазылған ЭШФ нөмірін бермейді.

"Мұндай жағдайларда ЭШФ салық төлеушінің немесе оның сатып алушысының МКК арнайы қазынашылық шотына ақша аудару жолымен ЭШФ-да көрсетілген ҚҚС сомасын қамтамасыз еткеннен кейін жазып берілуі мүмкін",- деп толықтырды ведомство.

Бұл ретте бұл бақылау тұрақты жалғаспайды және ол басталғаннан кейін 12 ай өткен соң тоқтатылады. Сондай-ақ, салық шоты ай сайын 6 ай ішінде толықтырылып, ЭШФ жазып беру кезінде толықтырылған сомалардың кемінде 50%-ы пайдаланылған жағдайда бақылауды мерзімінен бұрын тоқтату көзделген.

Мемлекеттік кірістер комитеті жақын арада салыстырмалы бақылау жүргізуді жоспарлап отыр және салық төлеушілерді ЭШФ жазылуын тоқтата тұруды болдырмау мақсатында жіберілген хабарламаларды мерзімінде орындауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: