Электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде техникалық ақау шықты
Сурет: pexels
Қазақстанда электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінде техникалық ақау орын алды. Бұл жөнінде ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінің серверлік жабдықтарындағы техникалық проблемаларға байланысты 2023 жылғы 4 және 5 шілдеде электрондық шот-фактуралар ақпараттық жүйесінде шот-фактураларды жазып беру және тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды ресімдеу мүмкіндігі жоқ екенін хабарлаймыз".ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті
Қажет болған жағдайда салық төлеушілер қағаз түрінде:
- 2023 жылғы 5 шілдеден кейін 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде ЭШФ АЖ енгізе отырып, шот-фактура жазып бере алады;
- 2023 жылғы 5 шілдеден кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ЭШФ АЖ енгізе отырып, тауарларға ілеспе жүкқұжат ресімдей алады.
Бұл ретте айыппұл санкциялары қолданылмайды.
Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлері автомобиль өткізу пункттерінде ЕАЭО елдерімен мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезде, көрсетілген кезеңде ЭШФ АЖ ТІЖ болуы туралы талаптар қоймайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript