Танымал бағалы металдың бағасы қымбаттап жатыр

Танымал бағалы металдың бағасы қымбаттап жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.05.2026 11:35 Сурет: pexels
2026 жылдың шілде айында жеткізілетін күміс фьючерстерінің бағасы Comex биржасында 3,3%-дан астам өсті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Oxu.Az басылымының сауда алаңындағы деректерге сүйеніп жазуынша, Қазақстан уақытымен сағат 17:14-те күмістің бағасы 1,09%-ға өсіп, бір трой унциясы 81,75 доллар болған.

Ал 17:24-тегі мәлімет бойынша, фьючерс бағасының өсуі жеделдеп, бір трой унциясы 83,59 долларға жеткен. Бұл – 3,37%-дық өсім.

Бұған дейін Қазақстанда бірнеше ай бойы үздіксіз қымбаттаған алтын бағасының кенет төмендей бастағаны хабарланған еді. Наурыз айының басында бір грамм алтынның құны шамамен 84 мың теңгеге дейін жетсе, қазір 70,5 мың теңгеге дейін түскен. Сарапшылардың айтуынша, бағалы металдар нарығы үшін бұл айтарлықтай өзгеріс саналады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: