Қаржы министрлігі Қазақстан бюджетінің 2025 жылғы орындалуын түсіндіріп берді

Кредит, кредитование, займ, долг, ипотека, автокредит, автокредитование , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2026 13:58 Фото: freepik
Қаржы министрі Мәди Тәкиев 2026 жылғы 10 маусымда Мәжілістің пленарлық отырысында 2025 жылға арналған республикалық бюджеттің орындалуы туралы есепті қарау кезінде бюджетке әсер еткен факторлар туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министрдің айтуынша, есепті жыл оңай болмаған.

"Бюджеттің орындалуына сыртқы баға факторлары, инфляциялық қысым, геосаяси жағдай және мемлекеттік қаржыға түсетін жүктеменің артуы әсер етті. Соған қарамастан Үкімет экономикалық өсімді қамтамасыз етті, әлеуметтік міндеттемелерді орындады, негізгі инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландыруды жалғастырды және бюджеттік шығындардың тиімділігін қатаң бағалауға көшу процесін бастады", – деді министр.

Ол Үкімет барлық аталған мәселелер бойынша депутаттар корпусымен бірлесіп жұмысты жалғастыратынын айтып, 2025 жылғы үкімет есебін қолдауды сұрады.

Бұған дейін 2027 жылдан бастап ипотекалық қарыздар бойынша қандай сыйақы мөлшерлемелері белгіленетіндігін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: