Ұлттық Банк тағы бір жаңа монетаны сатылымға шығарды

Национальный банк РК, Национальный банк Казахстана, Нацбанк РК, Нацбанк, Национальный Банк Республики Казахстан, НБК, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 18:35 Фото: пресс-служба Национального банка РК
Жаңа монета "Қазақстанның табиғи інжу-маржандары" сериясы аясында шығарылды. Ол түрлі-түсті баспа және интерференциялық құбылмалы қабат қолдану технологиясымен 925 сынамды күмістен дайындалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шақаның салмағы – 31,1 грамм, өлшемі – 45х30 мм. Монета рrооf сапасында соғылған. Номиналы 1 000 теңгелік туынды 2 000 (екі мың) дана таралыммен шығарылды.

Монета, Бурабай, Ұлттық Банк, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.07.2026 18:35

Сурет: ҚР Ұлттық Банктің баспасөз қызметі

Бурабай – қарағайлы ну орман, кәусар көлдер мен алып гранит жартастардың аясында орналасқан Қазақстанның ең көрікті табиғи аймақтарының бірі. Өлке өзінің бірегей табиғи ландшафтымен, шипалы таза ауасымен және Оқжетпес пен Жұмбақтас сынды көрнекті нысандарымен дараланады. Таңғажайып табиғаты, бай тарихи-мәдени маңызы мен көне аңыздары өзара үйлесім тапқан Бурабай – еліміздің басты табиғи көрікті жерлерінің бірі ретінде бағаланып, ең танымал туристік мекенге айналды.

Бұған дейін Қазақстанда үшінші ресми валюта пайда болғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: