Шетелге шығуға жаңа шектеу: кімдерге және қандай жағдайда тыйым салынуы мүмкін

Малый и средний бизнес, малый бизнес, средний бизнес, МСБ, предпринимательство, предприниматели, самозанятый, самозанятые, самозанятые работники, самозанятый работник, малое предпринимательство, среднее предпринимательство, МСП, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.08.2026 14:47 Фото: Zakon.kz
2026 жылғы 1 шілдеден бастап салық берешегі кезінде ұйым басшыларының елден шығуына уақытша шектеу енгізілуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 4 тамызда Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті толығырақ айтып берді.

Таратылған ақпарға сүйенсек, ҚР Салық кодексінің 189-бабына сәйкес салық органдары мына тұлғаларға қатысты шығуға уақытша шектеу қоюға құқылы:

  • заңды тұлғаның бірінші басшысы (немесе оны алмастыратын тұлға);
  • заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
  • жеке кәсіпкер;
  • жеке практикамен айналысатын тұлға.

Дегенмен, мұндай шара келесі шарттарды бір уақытта орындаған кезде ғана қолданылатындығы атап өтілді:

  • салық берешегі белгіленген шекті мөлшерден асып кеткенде;
  • берешек пайда болған күннен бастап үш айдан артық өтелмегенде;
  • салық төлеушіге заңнамада көзделген мәжбүрлеп өндіріп алу шаралары қолданылғанда (банктік шоттарды бұғаттау, дебиторлардан өндіріп алу, мүлікке билік етуді шектеу және т.б.).
"Шығуға уақытша шектеу қою туралы қаулыны салық органы шығарады, оны мемлекеттік кірістер органының басшысы (немесе оның орынбасары) қол қояды және Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде белгіленген тәртіппен сот міндетті түрде санкциялауға тиіс. Сот санкциясы болмаса, шектеу қолданылмайды. Салық берешегі толық өтелгеннен кейін немесе салық міндеттемесі тоқтатылғаннан кейін шектеу жойылады. Жою туралы қаулы да соттың санкциялауына жатады",- делінген ақпаратта.

Ведомство салық төлеушілерге салық төлеушінің кабинеті арқылы бюджетпен есеп айырысулардың жай-күйін үнемі қадағалап отыруды, салық міндеттемелерін уақтылы орындауды және салық органдарының хабарламаларына жедел ден қоюды ұсынады. Бұл шығуға уақытша шектеуді қоса алғанда, мәжбүрлеп өндіріп алу шараларын қолданудан аулақ болуға мүмкіндік береді.

Берешектің бар-жоғы және оны өтеу тәртібі туралы сұрақтар бойынша Мемлекеттік кірістер органдарына жүгінуге немесе электрондық сервистерді пайдалануға болады.

Бұған дейін Қазақстан шекарасында 13 мыңнан астам көлік тексерілгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: