Астананың орталығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Астана, город Астана, достопримечательности Астаны, столица Казахстана, пейзаж Астаны, виды Астаны, виды города Астаны, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 13:53 Фото: Zakon.kz
Астана қаласының орталығындағы көшелердің бірінде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы 2026 жылғы 2 шілдеде елорда әкімдігі хабарлады.

Әкімдіктің мәліметінше, 3-4 шілде аралығында Сығанақ көшесінің Мәңгілік Ел даңғылындағы көлік айрығынан Ақмешіт көшесіне дейінгі бөлігінде асфальт-бетон жабынының жоғарғы қабатын төсеу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты жөндеу жұмыстары кезінде көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.

Астананың орталығында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.07.2026 13:53

Сурет: Telegram/astana_newss

Қала әкімдігі жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге жол қозғалысын ұйымдастырудағы уақытша өзгерістерді ескеріп, бағыттарын алдын ала жоспарлауға кеңес берді.

Еске салайық, бұған дейін 2026 жылғы 30 маусымда Астанада Сауран көшесінің бойындағы жол учаскесі бір айға жабылғаны хабарланған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: