Ұлттық қордан алынбақ 5 трлн теңге балаларға төленетін төлем көлеміне кері әсер етіп жүрмей ме

Ұлттық қор – балаларға, 2026 жыл, төлем, Тимур Сүлейменов, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.09.2026 17:42 Сурет: Zakon.kz
ҚР Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов 2026 жылғы 4 қыркүйекте өткен брифинг барысында Ұлттық қордан балаларға берілетін жыл сайынғы төлемдерге қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Журналистер "Ұлттық қордан қосымша трансферттер бөлінуіне байланысты аталған төлем мөлшері азаюы мүмкін бе" деген сұрақты алға тартты.

"Сөз етіп отырған 5 триллион теңге үш жыл бойында алынатындығына қарамастан, еліміздің 2027–2029 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамы мен үкіметтің бюджеттік өлшемдеріне сәйкес, 2029 жылы Ұлттық қордың активтері өсе беретін болады. Қалай болғанда да Ұлттық қор көлемі өседі. Біз басқарушы ретінде қамтамасыз ететін инвестициялық табыс та өседі, тиісінше балалардың шоттарына түсетін сомалар да артады", деп сендіреді Ұлттық банк басшысы.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы "Ұлттық қордан алынатын 5 триллион теңге оның тұрақтылығына әсер ете ме" деген сұраққа жауап берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: