Қаржы министрлігі қарамағына өткен МӘМС-тен бірқатар былықтар анықталды

Қаражат, жылыстау, Қаржы министрлігі, тексеру, МӘМС , сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2026 09:46 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
МӘМС-ке жүргізілген тексерудің тоғыз айдағы нәтижесі бойынша қаражаттың жылыстауына әкеліп соғатын арналар анықталып, жолы кесілді, 23,4 млрд теңге көлемінде қаржылық шығынның алды алынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Қаржы министрлігінің қарамағына берілгеннен кейінгі бірінші кезектегі міндеті қаржылық шығындарға жол бермеу мен қаражаттың мақсатты пайдалануын қамтамасыз ету болды. Қозғалған қылмыстық істер аясында өнім берушілерге заңсыз төленген 7,9 млрд теңгеден астам қаражатты қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Үнемделген және қайтарылған қаражат медициналық көмекті төлеуге бағытталды. Қаржы министрлігі үшін бақылау нәтижесінің клиникалардың жұмысындағы нақты өзгерістерден және емделудің қолжетімділігінен көрініс табуы маңызды". Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі

Алғашқы өзгерістер қазірдің өзінде байқалып, медициналық ұйымдарға бағытталатын қаржы ағыны ұлғайды.

Атап айтқанда, медициналық ұйымдарды қаржыландыру лимиттері ұлғайып, ауруханаларға медициналық көмек нақты көрсетілгеннен кейін медициналық қызметтерге ақы төлеу мүмкіндігі берілді. Медициналық ұйымдарға көмек көлемін сызықтық шкаланы қолдану арқылы шектеу тәжірибесінен кезең-кезеңімен бас тарту жұмыстары жүріп жатыр.

Жалпы, ел бойынша мерзімі өткен кредиторлық берешегі бар 68 медициналық ұйым анықталды. Олардың әрқайсысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен қаржылық сауықтырудың нақты жоспарлары әзірленді.

"Осылайша, кіріс бөлігін ұлғайту және қанағаттандырылмаған қажеттілік расталған жағдайларда оның көлемін түзету есебінен 2026 жылдың соңына қарай мерзімі өткен кредиторлық берешек көлемін 17 млрд теңгеден 10 млрд теңгеге дейін төмендету болжанып отыр", делінген есепте.

Бұған дейін Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі миллиардтаған теңгенің алаяқтық схемалары әшкереленгенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: