28 қазанда доллар бағамы тағы да өсті

Доллар, доллары, тенге, обмен валют, обменник, обменники, курс доллара, курс доллара к тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 16:00 Фото: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 28 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 457,09 теңгені құрап, тағы 1,1 теңгеге өсті.

Рубль бағамы өзгеріссіз қалып, 5,64 теңге болды.

Күндізгі сауда-саттықта қытай юанінің бағамы 68,59 теңгені құрап, 0,33 теңгеге қымбаттады.

Ақша айырбастау орындарында доллар 455-457,2 теңгеден, еуро 504,7-508,6 теңгеден, рубль 5,38-5,53 теңгеден сатып алынып, сатылып жатыр.

28 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы да өсіп жатыр.

ICE Futures электрондық сауда алаңында қаңтар айына арналған Brent маркалы мұнай фьючерстерінің бағасы 1,62%-ға өсіп, барреліне 111,18 доллар болды.

NYMEX электрондық сауда алаңында желтоқсан айына арналған WTI маркалы мұнай фьючерстері 1,91%-ға қымбаттап, барреліне 101,81 долларға жетті.

Таңертең Ұлттық банк доллардың ресми бағамын 455,63 теңге, еуроны 507,89 теңге, рубльді 5,65 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: