29 қазандағы саудада доллар бағамы төмендеді

Обмен валют, обмен валюты, обмен денег, обменный курс, валюта, разные валюты, обменник, обменники, обменный пункт, доллары, курс доллара, курс доллара к тенге, доллар и тенге, доллары и тенге, повышение курса доллара, повышение доллара, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2026 16:33 Фото: freepik
Қазақстан қор биржасында (KASE) 2026 жылғы 29 қазанда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 3,22 теңгеге төмендеп, 453,71 теңгені құрады.

Рубль бағамы 5,64 теңге деңгейінде қалды.

Қытай юанінің күндізгі саудадағы бағамы 68,20 теңге болды. Бұл алдыңғы көрсеткіштен 0,38 теңгеге төмен.

Ақша айырбастау пункттерінде долларды 452,5–454,4 теңгеден, еуроны 502,4–506,6 теңгеден, рубльді 5,35–5,47 теңгеден сатып алып, сатып жатыр.

29 қазанда әлемдік биржаларда мұнай бағасы да төмендеп жатыр.

ICE Futures электрондық саудасында қаңтар айындағы Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 1,07%-ға төмендеп, барреліне 110,45 доллар болды.

NYMEX электрондық саудасында желтоқсан айындағы WTI маркалы мұнай фьючерстері 1,38%-ға арзандап, барреліне 101,36 долларды құрады.

Таңертең Қазақстан Ұлттық банкі доллардың ресми бағамын 457,09 теңге, еуроны 508,42 теңге, рубльді 5,67 теңге деңгейінде белгіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: