Қауын-қарбыздың ең жылдам жетілетін сортының өзі шілденің соңына қарай піседі — маман кеңесі
altaynews.kz
Маманның сөзінше, қарбыз құрамындағы нитратты үйде отырып-ақ тексеруге болатын халықаралық әдіс бар екен.
Қауын мен қарбыздың саудасы қызып жатыр екен. Көше бойында, базарда, дүкендерде… Бұл қалай? Ерте емес пе? Жаздың өзі кешігіп, кеше ғана келіп еді ғой? Мамандардың кеңесіне altaynews.kz құлақ түрді.
– Қауын-қарбыздың жылдам жетілетін сортының өзі шілденің соңына қарай піседі. Ал негізі бұлардың уақыты тамыздың ортан шені ғой. Сондықтан да, асықпаған абзал. Саудагерлер бұл жемістер оңтүстік өңірден немесе Өзбекстаннан әкелінген деп сендіруге тырысады. Солай болған күннің өзінде, қайталап айтамын, уақыты ерте. Демек, ерте әкелінген жемістің құрамында нитрат бар. Бұл денсаулыққа аса зиян, – дейді Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулықты сақтау комитетінің бас маманы Мейрамгүл Ибраимова.
Маманның сөзінше, қарбыз құрамындағы нитратты үйде отырып-ақ тексеруге болатын халықаралық әдіс бар екен. Ол үшін қарбыздың қызылын стақан толы суға үгітіп саласыз. Сол кезде судың беті жай ғана лайланғандай болса, онда қарбызға күмәнданбаңыз. Ол таза. Ал егер қызыл бояу жайылса, құрамында нитрат бар деген сөз екен.
– Сөйтсе де, арнайы тестілеу орталығынан тексертіп алған дұрыс. Ал ең дұрысы – қауын-қарбыз науқаны басталған кезде де тексертіп барып сатып алу, – дейді маман. Өз басым, жол бойынан сатып алуға үзілді-кесілді қарсымын. Себебі, қауын мен қарбыз ашық аспан астында токсинді тез қабылдайды. Енді оған ары-бері ағылған көліктердің көк түтінін қосыңыз… Сондықтан тағамды сақтау мүмкіншілігі бар дүкендер мен супермаркеттерге жүгіну керек.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript