Жаңалықтар тізбегі
0

Sputnik V вакцинасы - халал - мүфти

ria.ru ria.ru
Енді вакцина жасаушы ғылыми мекемелердің өкілдерімен теологтардың бірлескен кездесуі жоспарланып отыр.

Ресей мұсылмандары діни басқармасы Sputnik V вакцинасын жасаушылардан вакцина құрамы туралы ақпаратты алып, танысқандарын айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

Мүфти Ильдар Аляутдинов РИА Новости агенттігіне берген сұқбатында онда мұсылмандарға тыйым салынған ештеңе жоқ екенін атап өтті.

Вакцинаны жасап шығарушылардан жауап келді. Мысалы, оның құрамында шошқа сағызы жоқ, сол секілді адам компоненттері (жасушасы дегендей) де жоқ. Негізінде, бір қарағанда, ислам тұрғысынан тыйым салынған нәрсе жоқ деп айтуға болады, - деді Аляутдинов.

Келген жауаптан соң діни басқармадағылар оларға вакцина құрамына қатысты тереңірек сұрақтар жолдаған.

Енді вакцина жасаушы ғылыми мекемелердің өкілдерімен теологтардың бірлескен кездесуі жоспарланып отыр. Ондағы мақсат - діни-құқықытық қорытынды, яғни пәтуа шығару, деп түсіндірді мүфти.

3 ақпанда Қазақстанның Мемлекеттік бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов коронавирусқа қарсы вакциналарды халал немесе халал емес деп қарастыру медицина саласының құзіретіне жатпайтынын айтқан болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: