Вакцина алар алдында қандай тамақ ішу керек - маман кеңесі

Ғалымдар адамның тамақтану рационы коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алу кезеңінде адам ағзасының қорғаныс жүйесінің тиімділігіне қалай әсер ететінін анықтады, деп хабарлайды zakon.kz.
Бұл туралы мақала "Известия" газетінде жарияланды.
Вакцина алу кезеңінде мамандар қантты және майлы тағамдарды, сондай-ақ фастфудты барынша азайтуға шақырады.
Семіздік және оны тудырушы дұрыс тамақтану салтын ұстанбау, әдетте иммунитетті төмендетеді, әсіресе вакцина алу кезінде антидене түзуге жауап беретін оның бөлігі, - деп түсіндірді РФ Тамақтану және биотехнология ғылыми орталығының жетекші ғылыми қызметкері Иван Гмошынский.
Сарапшылардың пікірінше, рационды майсыз белоктармен, пробиотиктер және көптеген тағамдық талшықтармен байытылуы керек. Соңғысын кортизол гормоны арқылы иммундық жүйені бәсеңсіту салдарынан туындайтын стресті азайтуға және жиырылған жүйкенің жазылуына көмектеседі.
Тамақ талшықтары қатарына кептірілген жемістер мен бұршақ тұқымдастар, сонымен қатар тұтас дәнді дақылдар, жемістер мен нан жатады.
Сонымен қатар, мамандар вакцина алуға дайындалып жатқан адамдардың рационындағы ақуыздың оң рөлін атап өтті.Гмошинский вакцинация кезеңінде майсыз етті, балықты және тауықты, бұршақ тұқымдастарды жеуге, сондай-ақ қанттан бас тартуға кеңес берді, өйткені глюкозаның көп мөлшері ақуыздардың жұмысына кедергі келтіреді және ағзада қабыну реакциясын тудырады.