Жол онсыз да бұрылатын болса "поворот жағу" керек пе?

zakon.kz / Павел Михеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2021 21:59 zakon.kz / Павел Михеев
Бұл сұрақ Facebook-те талқыланды.

Әлеуметтік желіде біреу "негізгі жол бағытын өзгерткен кезде бұрылыс сигналын қосу қажет пе?" деген сұрақ қойды. Постқа жазылған пікірлердің арасында қисынсыз жауап көп, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен, мұндай жағдайда бұрылыс сигналын қосу қажет пе, деген сауалға kolesa.kz өзінің жауабын ұсынды.

Анығы мынау:

ҚР ЖҚЕ 8.1 тармағы: жүргізуші маневр жасауды бастамас бұрын тиісті жарық көрсеткіштерімен сигнал беруі керек.

Маневр деген не?

Маневр жасау — қозғалысты бастау, тоқтау, бұрылу (кері айналу), жолақ ауыстыру, тежеу және артқа жүру.

Жүргізуші тік жүріп келе жатса, маневр болмайды және бұрылыс сигналын қосудың қажеті жоқ. Қиылыста қандай жол белгісінің орнатылғаны және басты жолдың қай бағытқа кететіні маңызды емес.

Алматыдағы Марков — Ғабдуллин қиылысы осыған ұқсайды.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: