Қандай тағамдар бет терісіне пайдалы
Диетада С дәруменінің көп мөлшері бар тағамдар болуы керек. Мысалы, цитрус жемістері: апельсин, грейпфрут, мандарин, помело, деп жазады Lenta.ru.
Ең бастысы бәрі нормадан аспағаны жақсы. Кез келген пайдалы затты шамадан тыс пайдаланса, зиян болатынын есте ұстаған жөн. Бет терісін жақсарту үшін күніне бір немесе екі цитрус жемісі жеткілікті.Диетолог Зоя Богданова
Бет терісін жақсы сақтауға жоғары сапалы ет пен балық өнімдері көмектеседі. Олардың құрамында амин қышқылы бар, теріге қажет коллаген береді. Ал вегетариандар оны өсімдік ақуыздарына бай тұқымдар мен дәнді дақылдармен алмастыра алады.
Көптеген полиқанықпаған май қышқылдары мен Е дәрумені бар авокадо терідегі қартаю дақтарын, безеулерді және басқа да кемшіліктерді кетіруге көмектеседі.
Диетологтың айтуынша,қарапайым көмірсулар бар тағамдардан бас тартқан дұрыс. Олар: кондитерлік өнімдер, фастфуд, чипс.
Жаңалық материалдарын дәрігердің рецептімен теңестіруге болмайды. Шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.