Қазақстанда жаздың алғашқы күндерінде ауа райы қандай болады
Сурет: pixabay
Қазақстанда 31 мамыр мен 2 маусымға арналған ауа райы болжамына сай, қатты жаңбыр, бұршақ, бұрқасын болады. Күн суытып, аяз болуы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамырдың соңғы күнінде Қазақстан аумағының басым бөлігі орталығы Сібірдің үстінен өтетін циклонның ықпалында болады. Соның әсерінен найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.«Қазгидромет» РМК
Болжам бойынша, республика бойынша жел күшейеді.
Алайда 1 маусымда Солтүстік антициклон Батыс Қазақстанға ықпал ете бастайды. Ол республика аумағы арқылы шығыс бағытта қозғала отырып, жауын-шашынның бірте-бірте тоқтауына және температураның төмендеуіне әкеледі. 1-2 маусымда республиканың батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында түнде және таңертең топырақ бетінде 2°С-қа дейін аяз болады.«Қазгидромет» РМК
Бұған дейін синоптиктер Қазақстанда жаздың қандай болатынын айтқан еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript