Жаңалықтар тізбегі
0

Аптап ыстық және 2 градус аяз: 26 мамырға арналған ауа райы болжамы

көктем, ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2022 17:58 Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Синоптиктер 26 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Елімізде найзағай ойнап, жел күшейіп, қатты жаңбыр жауады. Бұршақ жауып, 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Аптап ыстық та болжанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Екатеринбург облысынан келетін циклон Қазақстан аумағына әсер етеді және республиканың батыс, солтүстік-батыс, солтүстік, оңтүстік облыстарында тұрақсыз ауа райын сақтайды. Жаңбыр жауады. Солтүстік-батыста найзағай ойнап, қатты жаңбыр жауады, жел күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Батыста және солтүстік-батыста түнде және таңертең топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. Еліміздің оңтүстігінде, солтүстігінде шаңды дауыл соғады.«Қазгидромет» РМК

Күндіз Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай, көктайғақ болады. Солтүстікте, батыста шаңды дауыл, солтүстікте, батыста, тауларда желдің күшеюі 15-20м/с, түстен кейін жел екпіні 25м/с күшейеді.

Алматы облысының таулы аймақтарында күндіз найзағай ойнайды. Найзағай кезіндегі жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Түнде оңтүстікте, күндіз солтүстікте, шығыста, Маңғыстау облысының орталығында найзағай ойнайды. Батыста түнде және таңертең тұман болады.

Ақтөбе облысының шығысында, оңтүстігінде күн күркіреп, бұршақ жауады. Шығыста, оңтүстікте, орталықта жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, бұрқасын болады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста шаңды дауыл. Желдің күші 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстік-батысында найзағай, көктайғақ, бұршақ, шаңды дауыл. Күндіз желдің күшеюі 15-20 м/с, оңтүстік-батысында жел екпіні 25 м/с болады.

Күндіз Жамбыл облысының таулы аймақтарында найзағай, бұршақ, бұрқасын болады. Жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда облысының орталығында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қарағанды ​​облысының батысында, солтүстігінде жел күші – 15-20 м/с.

Күндіз Қарағанды ​​облысында, Жамбыл облысының солтүстігінде қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында топырақ бетінде 2 градус аяз болуы мүмкін.

Шығыс Қазақстанның Жарма ауданында, Қызылорда, Павлодар облыстарының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Бұған дейін синоптиктер 26-28 мамырға арналған ауа райы болжамын ұсынған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: