Комада жатқан адамның есін жиюына көмектескен әндер
Себебі музыканың күшті эмфатикалық әсері адамды комадан "алып шығуы" мүмкін. Bugin.kz науқастың есін жиюға көмектескен әндерді ұсынады.
Adele — Rolling in the Deep
2012 жылдың сәуірінде 7 жасар Шарлотта Неве жарақат алып, миына қан құйылып, комаға түскен. Дәрігерлер үміт жоқ екенін айтқан соң Шарлоттаның анасы ең нашар жағдайға дайындала бастады. Бірақ бір күні қызының төсегінде кезекшілікте жүрген ол радиодан британдық әнші Адельді естіп, қызына оның хиттері ұнайтынын білгендіктен, радионың дыбысын күшейтіп, қосылып ән айта бастайды. Осы кезде қыздың комаға түскен сәттен бастап сыртқы дыбысқа алғашқы реакциясы пайда болған. Ал екі күннен кейін Адельдің жас жанкүйері сөйлеп, төсектен тұрған.
James Blunt — You’re Beautiful
Клаудия Дилваистың ата-анасының өмірі бес жасар сәбиі балконнан құлап, бас сүйегі жаншылып, терең комаға түскенде күрт өзгереді. Патологиялық жағдайы он күнге созылады, әрі оң динамиканың белгілері болмайды. Бірақ бір күні аурухана радиосында Джеймс Бланттың «You’re Beautiful» әні ойнағанда қыздың ата-анасы баланың қозғалғанын байқайды. "Осыдан кейін біз Клаудияның жақсы болатынына сенімді болдық", - дейді нәрестенің әкесі.
Mack & Mabel мюзиклінің саундтрегі
Лондондық маркетинг жөніндегі директор Джон Флинн бір күнде жүрегіне үш үлкен операция жасатады. Хирургиялық араласу қан кетумен аяқталып, науқас комаға түседі. Джон алты күн бойы есін жия алмайды. Бір күні оның ұлы iPod-тан әкесінің сүйікті әнін қосады. Джон Флинн сол сәтте оянған.
Green Day — American Idiot
2005 жылы Кори Джордж америкалық Green Day панк тобының үлкен жанкүйері болады. Он жасқа толған күні Кориді көлік қағып кетіп, ол комаға түседі. Екі апта бойы бала жасанды тыныс алу аппаратына қосылып, есін жимайды. Бірақ бір сәтте Коридің анасы ұлының сүйікті тобының альбомын қосады және American Idiot әнін тыңдағаннан кейін бала саусақтары мен қолын қимылдата бастайды.
Charlie Daniels — The Devil Went Down to Georgia
1979 жылы Чарльз Дэниэлстің «The Devil Went Down to Georgia» әні дуэттің немесе топтың үздік кантри вокалдық орындауы үшін Грэммиді жеңіп алды, ал 30 жылдан кейін Джаррет Карландтың өмірін сақтап қалды. 2009 жылы ол екі досымен бірге көлік апатына ұшырайды, жігіттердің бірі қайтыс болады. Ал Джарреттің өзі таңғажайып жағдайда аман қалды, бірақ ауыр комаға түсті. Дәрігерлер жас жігіттің ата-анасына сауығып кетуге іс жүзінде ешқандай мүмкіндік жоқ екенін және Джаррет өмірінің қалған бөлігін комада өткізуге мәжбүр болатынын айтады. Алайда жігіттің ата-анасы берілмейді. Олар ұлына үнемі барып, әр келген сайын оған «The Devil Went Down to Georgia» әнін қосады. Нәтижесінде бұл әдіс жұмыс істейді. Бір жылдан соң ауруханадан шыққан Джаррет Чарльз Дэниэлске алғысын білдірді.
Robin Gibb — Don’t Cry Alone
Bee Gee тобының солисі Робин Гибб пневмониямен ауырған. Бұл қарапайым суық емес еді. Әнші бауыр мен тоқ ішек қатерлі ісігімен күресіп жүрген химиотерапия курсынан кейін пневмония асқынған болып шықты. Оның иммунитеті әлсіз болғаны сонша, 2012 жылы 13 сәуірде Гибб комаға түсіп қалады. Бірақ Гиббті ұлы тірілтті деуге болады. Ол әкесіне «Don’t Cry Alone» әнін қосады және 2012 жылы 20 сәуірде Робин Гибб есін жиған.
Rolling Stones - (I Can’t Get No) Satisfaction
Rolling Stones 1965 жылы ең жақсы әндерінің бірін жазып, шығарған кезде Сэм Картер небәрі 17 жаста еді. Satisfaction оны комадан шығарған кезде Сэм 60 жаста болады. Картердің қалыпты өмірге оралу мүмкіндігі шамалы, яғни 1% -дан аз болады. Бірақ ол да ән арқылы есін жиған. Сэм өзінің сүйікті әнінің дыбысынан оянғанда: «Мен 1965 жылдың көктемінде алғаш рет музыкалық альбом сатып алған кездегі қатты толқығанымды есіме түсірдім. Бұл Rolling Stones тобының «Satisfaction» болды. Сонда мен әлі де көп өмірлік қуатым бар екенін түсіндім»,- дейді.
Robbie Williams — Angels
Бірнеше жыл бұрын жаңалық жасаған австриялық Фрицль отбасының жантүршігерлік оқиғасы көпшілікке мәлім. 2008 жылы «отбасының әкесі» Джозеф Фрицль қызы Элизабетті күштеп қамап тастады деп айыпталды. Тиран 24 жыл бойы қызын жүйелі түрде ұрып-соғып, жертөледе ұстайды. Осы уақыт ішінде байғұс қыз 7 баланы дүниеге әкеледі, оның үшеуі анасымен бірге түрмеде өмір сүрді. Ол үлкен қызы Элизабет Керстин қатты ауырып қалғанда Джозефті ауруханаға апаруға көндірді. Керстинге жедел бүйрек жеткіліксіздігі диагнозы қойылды, соның салдарынан қыз комаға түсті. Сондықтан түрмеде жиі тыңдайтын Робби Уильямстың «Angels» әнін қосады. Бұл іс Йозеф Фрицльдің қорқынышты қылмыстарын ашуға көмектесті. Азаптаушы өмір бойына бас бостандығынан айырылды.
Bryan Adams — Something аbout her
Кристиан Киттельдің өкпесіне қан ұйып, жеті жыл бойы комада болған. 2007 жылы қыздың анасы Брайан Адамстың гастрольдік сапары туралы біліп, дәрігерлерден қызын сүйікті артисінің концертіне апаруға рұқсат алады. Ана жүрегі музыка Кристианды қайтарады деп сенеді. Шынымен де концерт кезінде қыз қимылдап, көзін ашып, анасын таныған.