Жаңалықтар тізбегі
0

Петропавл тұрғыны телефонына қосымша жүктеп, 5 млн теңгесінен айырылды

мобильді қосымша, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2022 12:40 Сурет: pixabay
Полицейлер адамдарды “банктен түскен қоңырауларға” сенбеуге және белгісіз қосымшаларды жүктемеуге кеңес береді. Оның соңы материалдық шығынға әкеп соғады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz берген мәліметке сай, Аққайың ауданындағы туысына қонаққа келген 28 жастағы Петропавл тұрғыны өз телефонына белгісіз қосымшаны орнатып, желілік алаяқтардың құрбанына айналды.

Бұл қулыққа “банктен түскен қоңырау” схемасы арқау болған. Қылмыскер жәбрленушіге қоңырау шалып, біреудің оның атына несие ресімдеп жатқанын айтқан және телефонына AnyDesk бағдарламасын жүктеуге кеңес берген.

Алаяқтың нұсқауы бойынша барлық айтқандарын орындаған әйел банктен қашықтықтан 5 млн теңгеге несие ресімдеген.

Алаяқ бөтен тұлғаның мазаламауы үшін несиелік лимитті таңдау қажет екендігін, келген sms кодтарды өзіне жолдау маңызды еместігін айтқан.

Алайда, көп ұзамай несие сомасы әйелдің шотынан жоқ болған. Алаяқтың құрығына түскенін түсінген ол, полицияға жүгінеді.

Әдеттегі желілік аферистердің басты мақсаты – жәбірленушінің шоттарына қол жеткізетін кодтар мен құпия сөздерді біліп алу. Егер жәбірленушінің телефонына қашықтықтан қол жеткізетін қосымша жүктелген болса, алаяқтың арам ойын іске асыруына еш қиындық тудырмайды. AnyDesk — кең тараған бағдарламалардың бірі. Басқа қолданушының телефоныңызды басқаруына толық мүмкіндік береді, келетін sms-хабарламалар қылмыскерлерге бірден белгілі болады, – дейді Аққайың ауданы ПБ бастығы Руслан Сапаров.

Полицейлер адамдарды “банктен түскен қоңырауларға” сенбеуге және белгісіз қосымшаларды жүктемеуге кеңес береді. Оның соңы материалдық шығынға әкеп соғады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: