Көктайғақ кезінде қалай сақтануға болады
Байқап жүру
Тіпті сіз қатты кешігіп жатсаңыз да, мұзда жүгіруге тырыспаңыз. Жүрген кезде сіз барынша табаныңызды нық басып, тізеңізде босаңсытуыңыз керек. Өзіңізді пингвин секілді елестетіңіз. Аяғыңызды сәл бүгіп, тізеңізді ауыртпай, бүкіл табанға басып ақырын жүріңіз. Жылдам жүрмеңіз, аяғыңызды жоғары көтермеңіз. Қадам неғұрлым аз болса, соғұрлым жақсы. Мұздың үстінде ешқашан қолыңызды қалтаңызға салмаңыз.
Дұрыс аяқ киім кию
Көктайғақта табаны сырғанайтын өкшелер мен аяқ киімдер киюді ұмыту керек. Керісінше, автомобилдің қысқы дөңгелегі сияқты жердің бетіне "жабысуды" жақсы қамтамасыз ететін етік пен бәтеңкені таңдау керек.
Құлап бара жатқан кезде ыңғайлы құлауға тырысу
Егер сіз сырғып, құлап бара жатқандай сезінсеңіз, дене салмағыңызды бірден алға және бүйірге ауыстыруға тырысыңыз. Арқаға құлаудан аулақ болу керек.
Егер сіз құлап аздап ауырсынуды сезсеңіз, дәрігерге барыңыз. Кейде тіпті жеңіл ауырсыну буын шығуының белгісі болуы мүмкін, ал кейбір жарақаттар уақыт өте келе пайда болады. Бүйірге құлау қауіпсіз екенін есіңізде сақтаңыз және ешқандай жағдайда қолыңызды немесе аяғыңызды құлаған жаққа салмаңыз, керісінше мүмкіндігінше денеңізді бос ұстауға тырысыңыз.
Дене аздап соғылған жағдайда медициналық көмекті алмауға болады. Басыңызды мұзға ұрған жағдай ешқашан назардан тыс қалдыруға болмайды – тіпті аздап мидың шайқалуы бастың ауруына, көздің көру өткірлігінің төмендеуіне немесе есту қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.