Қатты аяз кезінде қалай қорғану керек
Сурет: Zakon.kz
Төтенше жағдайлар министрлігі 12 қаңтар күні қазақстандықтарға қатты аяз кезінде оқыс жағдайға тап болмау үшін қолдану керек шараларды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.
- Ауа температурасы өте төмен болған кезде далаға шықпауға, балалардың көшеде жүруіне жол бермеңіз.
- Жеке автокөлікпен ешқайда бармаңыз.
Аязды күні далаға қолғапсыз, бас киімсіз және шарфсыз шықпаңыз. Су және суық өткізбейтін, іші жылы биялай киген дұрыс. Табиғи материалдан тігілген қолғаптар ыңғайлы болса да, аяздан сақтамайды. Бет пен иекті шарфпен қорғауға болады. Желді суық ауа райында сыртқа шықпас бұрын, дененің ашық жерлерін арнайы креммен майлаңыз.
- Желден қорғану керек, себебі желде үсіп қалу ықтималдығы әлдеқайда жоғары.
- Табаны сырғанамайтын аяқ киімді киіңіз, қажет болған жағдайда табанға жабысқақ лейкопластырь салыңыз.
- Абай болыңыз, әсіресе көшелерден, қиылыстардан өткен кезде, тек "өтуге болады" деген белгісі бар жерден өтіңіз, өйткені жүріп келе жатқан көлікті тоқтату үшін уақыт қажет.
Аязда металлдан (соның ішінде алтын, күміс) жасалған әшекейлерді – сақиналар, сырғалар және т.б. тақпаңыздар. Біріншіден, металл тез суық тартады, салдарнан теріге жабысып, адам жарақат алуы мүмкін. Екіншіден, саусақтағы сақиналар қалыпты қан айналымын тежейді. Жалпы, аязда жалаңаш терінің металмен жанасуын болдырмауға тырысыңыз.
- Егер сізге әлі де сыртта жүру керек болса, үсік алмас үшін қолыңыздан келгеннің бәрін жасауға тырысыңыз.
- Дауыл туралы ескерту алғаннан кейін туыстарыңыз бен көршілеріңізді ескертіңіз, өйткені олар бұл туралы естімеген болуы мүмкін.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript