ТЖД Алматыда қатты аяз болады деп ескертті
Сурет: pixabay
Алматы тұрғындарына 13-14 желтоқсан аралығында қала аумағында 23-27 градусқа дейін қатты аяз болатыны жөнінде Төтенше жағдайлар қызметінен хабарлама келді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұған қоса қалың қар жауатыны ескертілді.
11 желтоқсан күні "Қазгидромет" РМК синоптиктері қала бойынша алдағы үш күнге арналған күн райы болжамын ұсынған еді.
- 12 желтоқсанда қар, түнде кей кездерде қалың қар, тұман. Желдің екпіні секундына 2-7 метр. Ауа температурасы 12-13 градус аяз, одан ары төмендейді.
- 13 желтоқсанда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде – 23-25 градус қатты аяз , күндіз 18-20 градус аяз болады.
- 14 желтоқсан көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде 27 градусқа дейін төмендейді, күндіз 15-17 градус аяз болады.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
