Синоптиктер елімізде алдағы күндері қатты аяз болатынын ескертті
«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.
«Түнде өте қатты аяз жүреді, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында (30-33 градус), Қарағанды, Ұлытау облыстарының шығысында өте қатты аяз болады (-40 градус), Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында да қатты аяз сақталады (20-24 градус), ал Жамбыл облысында ауа температурасы 30-33 градус төңірегінде сақталады», - делінген хабарламада.
Болжам бойынша республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде қар жауады, аздаған боранмен жел күшейеді, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.
Синоптиктер 12 қаңтарда Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін де айтты:
- Астанада ала бұлтты, кей жерлерде аздаған қар жауады, үсік жүреді. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 27-29, күндіз 17-19 аяз;
- Алматыда – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 15-17 аяз сақталады;
- Шымкентте – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 10-12 аяз болады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда 2023 жылдың 12-13 қаңтарында мектеп оқушылары мен студенттері - 0, 1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтықтан оқуға ауыстырылады. Қалалық білім бөлімі мұны ауа райының қолайсыздығымен байланысты деп түсіндірді.