Алаяқтарға алданбау үшін не істеу керек
Сурет: freepik
Ішкі істер министрлігі биыл үш айда 4 мыңнан аса интернет-алаяқтық тіркелгенін, алаяқтар азаматтарға 3 млрд теңгеден астам шығын келтіргенін хабарлады.
Алаяқтардың схемалары ішінде танымалы – онлайн сауда, сауда алаңдарының сайттарында, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнамаларды орналастыру. Сонымен қатар бірнеше айда түрлі инвестиция мен инвестицияны тарту арқылы жасалған алаяқтықтардың саны артқан. Оған қоса алаяқтардың банк қызметкерлері және құқық қорғау органдарының атынан телефон шалуы азаймай тұр.
Осыған байланысты Ішкі істер министрлігі азаматтар мына қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет екенін айтты:
- Ешкімге өзінің дербес дерегін, абоненттік нөмірлерін, банк карталарын және олардың деректемелерін бермеу.
- Телефонға бөгде белгісіз бағдарламаларды орнатпау. Тек App stor, Play Market ресми көздерінен қосымшаларды пайдалану.
- Банктер немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің хабарласып айтатын нұсқауларын орындамау.
- Күмәнді мәмілелер болса, ақша аудармау. Ашық кіріс көзінсіз қаржы схемаларынан сақ болу;
- Банкинг қызметтеріне кіру парольдерін үнемі өзгерту.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript