Жаңалықтар тізбегі
0

Онлайн сатып алу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары қандай

Онлайн сатып алу кезіндегі қауіпсіздік қағидалары қандай, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2023 13:38 Сурет: Алматы облысы әкімдігі
Кейінгі жылдары көптеген бизнес құрылымдар онлайн-сауда индустриясын белсенді түрде дамытып, интернет-сатудың көбірек арнасы ашылып жатыр. Интернет болса, бүгінде кез келген жерде онлайн режимінде өзіңізге ұнайтын затты сатып алып немесе жақыныңызға сыйлық тапсырыс бере аласыз.

Дегенмен, көп жағдайда киберқауіпсіздікке және төлем технологияларына қатысты, электрондық коммерция индустриясына тән тәуекелдер мен қауіптер белсенді түрде дамуда. Онлайн сатып алу кезіндегі қажетті дербес сақтық шаралары туралы Fingramota.kz еске салады!

Алаяқтар түрлі амал мен схемаларды қолдана отырып, бірнеше минут ішінде сенімді азаматтардың қалталарын босата алады. Мәселе азаматтардың дербес деректерін Интернетке салуға қатысты болғанда қаржы ұйымдары оларға аса мұқият болуды бірнеше рет ескертеді. Өздерінің ЖСН, төлем карталарының немесе ұялы телефондарының нөмірлерін белгісіз интернет-ресурстарда қалдыруға болмайды. Әдетте, сенімді электрондық сауда алаңдарында операциялар жасау үшін жеке құжаттарды қосымша жүктеу және дербес деректердің артық санын енгізу талап етілмейді.

Онлайн сатып алудың алдында мынадай қауіпсіздік қағидаларын сақтаңыздар:

1. Интернет-дүкендердің түпнұсқалығын тексеріңіздер

Киберқылмыскерлер түпнұсқа сайттарға ұқсас немесе белгілі және ірі дүкендердің немесе брендтердің ұқсас аттарын пайдаланатын жалған интернет-дүкендер жасайды. Интернет-алаяқтарға ұрынып қалмау үшін браузердің мекенжай жолындағы URL-мекенжайларды үнемі мұқият тексеріңіз, расталған SSL сертификатпен расталған қауіпсіз әрі қорғалған қосылуды (HTTPS) қолдайтын сайттарды ғана пайдаланыңыз. Браузердің мекенжай жолында URL алдында иконка құлыпшасы болуға тиіс. Ол сайттың шифрмен қорғалған қосылуды пайдаланатынын және деректер алмасу ашық түрде болмайтынын білдіреді. Мынадай цифрларды қамтитын URL бар дүкенге сенуге болмайды, мысалы: http://66.102.7.104@65465.51456jD% – бұл алаяқтар болуы мүмкін.

2. Өзіңіздің байланыс құрылғыңызды пайдаланыңыз

Wi-Fi-ға қол жеткізудің қоғамдық нүктелері ерекше қауіп төндіреді. Wi-Fi арқылы интернет-кафеде және құрылғыларды сізден басқалар пайдаланатын басқа орындар арқылы көпшілік орындарда Интернет-шопингтен бас тартқан дұрыс. Көп жағдайда сол қоғамдық ашық желілерде қаскүнемдер бөтен деректерді іздеп-бағып отырады. Өз құрылғыңыздың қауіпсіздік функцияларын пайдаланыңыз (вирусқа қарсы қорғаныс құралдарын орнату және уақтылы жаңарту, оларды мезгіл-мезгіл ауыстыратын күрделі парольдерді пайдалану, биометриялық идентифкаттау және іс-қимылды растау, компьютерде немесе мобильді құрылғыда сезімтал деректерді ашық түрде сақтамаңыз).

3. Онлайн-сатып алу үшін жеке картаны пайдаланыңыз

  Интернетте сатып алу үшін жеке банктік карта ашыңыз, оны тек осындай сатып алулар үшін ғана пайдаланатын боласыз және ол жалақы немесе жинақ шотына тіркелмеген болады. Виртуалдық картаға ақшаны тек сатып алардың алдында ғана аударыңыз, ал қосымша қауіпсіздік үшін картаға күндізгі лимит белгілей аласыз.

Егер сіз балаңызға өз гаджетіңізді пайдалануға рұқсат етсеңіз, баланың кездейсоқ онлайн -сатып алуы немесе ақылы ойындарды жүктей алмауы үшін төлем картаңыз байланысқан барлық аккаунттардан шыққаныңызға көз жеткізіңіз. Apple Appstore, Google Play-де цифрлық контентті сатып алу үшін қосымша растау теңшеуін пайдалану ұсынылады. Өкінішке орай, дәл осындай сатып алулар үшін ақшаны қайтару мүмкін емес немесе өте қиынға соғуы мүмкін, өйткені алаяқтық фактісі болған жоқ.

4. Сатып алушылардан келген кері байланысқа талдау жасаңыз

Тауар туралы пікірлерді дүкеннің сайтынан ғана емес, сонымен қатар интернеттегі іздестіру арқылы да оқыңыз. Егер тауардың сапасына, жеткізу мерзіміне, осы дүкен қызметкерлерінің әрекетіне немесе әрекетсіздігіне риза болмаған және ашулы адамдар саны көп болса, осы онлайн-дүкеннен сауда жасаудың мақсатқа сай екендігі туралы ойланыңыз. Көп пікірдің жалған болуын, тапсырыспен жасалатындығын да естен шығаруға болмайды. Нақты пікірлерді жалған пікірлерден ажырата біліңіз.

5. Төлем тәсілін таңдаңыз

Онлайн-дүкен неғұрлым көп төлем тәсілдерін ұсынса, соғұрлым жақсы. Егер ақшаны жеткізу кезінде немесе аудару арқылы төлеуге болса, тіптен жақсы. Алайда сіз бәрібір онлайн түрде сатып алсаңыз, онда сатып алуды жүзеге асырғаннан кейін сізге электрондық поштаңызға тапсырыстың растамасы, электрондық шот не фискалдық чек келуге тиіс. Егер сіз осы деректерді алмасаңыз, онда тауарды/қызметті ұсынатын компаниямен, жеткізушімен дербес хабарласуыңыз керек – мүмкін, техникалық іркіліс болған шығар, сондай-ақ сіздің алаяқтардың интернет-бетінде мәміле жасағаныңызға күдіктену үшін негіз болуы мүмкін. Электрондық поштамен келетін барлық чектер мен төлем растамаларын сақтаңыз.

Сатушының адал емес екенін растайын тағы да бір белгі – бұл ақы төлеу үшін сізге картаның деректері арнайы төлем шлюзіне өтпей тікелей сайтқа енгізу ұсынылады немесе бір ғана нұсқа: картаның деректерін енгізу ұсынылады. Тауарлар мен қызметтер үшін онлайн-есеп айырысудың криптовалюталық әдістерін пайдалануға болмайды.

Желідегі сатып алу қолайлылық, уақытты үнемдеу, ауқымды таңдау, бағаны мониторингтеу және салыстыру сияқты көптеген артықшылықтарға ие. Көптеген жағдайларда интернет-дүкендерде тауарлар әдеттегі дүкенге қарағанда әлдеқайда арзан, тиімді акциялар өте жиі өткізіледі және жеңілдіктер беріледі.

Дегенмен, онлайн сатып алудың тәуекелдері де бар. Онлайн-дүкендегі фотосуретте көрсетілген өнім шындыққа сәйкес келмеуі мүмкін. Сондай-ақ, онлайн сатып алудың айтарлықтай тәуекелі – қаржылық алаяқтықтың ықтималдығы – тікелей алдаудан және сіздің ақшалай қаражатыңызды ұрлағаннан бастап, зиянды бағдарламалық қамтылымды таратуға және техникалық құрылғыларды бұзуға дейін.

Сондықтан Интернет желісінде кез келген қаржылық операцияларды жасаған кезде сіз екі есе қырағы болуыңыз керек.  Өзіңізді және ақшаңызды сақтаңыз, қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-мен бірге арттырыңыз!


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: