Жаңалықтар тізбегі
0

Инфекционист жазда қандай аурулар жиі кездесетінін айтты

Инфекционист жазда қандай аурулар жиі кездесетінін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.06.2023 13:00 Сурет: Zakon.kz
Инфекционист-дәрігер Бөпеш Әмірханова жазда асқазан-ішек жолдарының жұқпалы аурулары жиі кездесетінін, ал ол денсаулыққа үлкен зиян келтіретінін ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігердің сөзінше, инфекция тамақ, су, лас қол және басқа заттар арқылы жұғуы мүмкін.

"Көп тараған аурулардың бірі - Salmonella бактериясы қоздыратын сальмонеллез. Ауру белгілері: жүрек айнуы, құсу, диарея, тері және көздің сарғаюы. Инфекцияның алдын алу үшін тек таза ауыз су мен жаңа піскен, балғын тағамды пайдалану керек. Тамақ ішер алдында қолды мұқият жуы керек", - дейді N36 қалалық емхананың инфекционист-дәрігері.

Сарапшының айтуынша, тағы бір кең тараған ауру - Escherichia coli тудыратын эшерихиоз. Оның белгілері: қанды диарея, жүрек айнуы, құсу және іштің ауыруы. Инфекцияны болдырмау үшін жақсы піскен етті жеп, тамақ ішер алдында қолды жақсылап жуы керек.

Дизентерия - Shigella бактериясы тудыратын инфекция. Белгілері: қанды диарея, жүрек айнуы, құсу және іштің ауыруы.

Тырысқақ - Vibrio бактериясы тудыратын инфекция. Белгілері: сұйық диарея, жүрек айнуы және құсу.


"Инфекцияның алдын алу үшін таза ауыз су мен жаңа піскен, балғын, жақсы піскен тағамды тұтыну керек. Тамақ ішер алдында қолды жақсылап жуу керек. Жақсы гигиена және таза тамақ пен су ғана асқазан-ішек инфекцияларының алдын алуға көмектесетінін есте ұстаған жөн. Аурудың белгілері байқалса, кеңес алып, ем алу үшін дәрігерге көрініңіз", - деп түйіндеді Бөпеш Әмірханова.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: