Қызылордада жұқпалы жедел ішек аурулары өршіп тұр

Ішек аурулары, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.07.2022 17:59 Сурет: pixabay
Қызылордада жұпалы жедел ішек аурулары өршіп тұр. Әсіресе, 2 жасқа дейінгі балалар жиі шалдығуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мамандардың айтуынша, биыл 400-ге жуық науқас дәрігерге жүгінген. Оның 181-і маусым айында анықталып отыр, деп жазады Астана телеарнасы.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 57 процентке жоғары.

Ауруға шалдыққандардың 20 пайызы сүт өнімдерінен инфекция жұқтырған.

Сонымен қатар, аурудың өршуіне ерте піскен жеміс-жидектердің де әсері бар дейді мамандар.

Нитраттың артық мөлшерде жеміс-жидекте тұтынғандыған себебін анықтау үшін медгемоглабинге тексеріледі. Осы 73 науқастың 50 пайзында да нормадан жоғары көрсеткіш орын алды. Бұның өзі жеміс-жидектерді тұтыну алдында мұқият болып, ата-аналар балаларға бермеген абзал. Себебі бұлар ерте өсіп-піскен бақша өнімдері болып отыр. Аурудың туындауына себепкер болу қаупі өте жоғары. Әлия Ыдырысова, Қызылорда облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: