Жаңалықтар тізбегі
0

Дәрігерлер балалар жиі шалдығатын аскаридоз туралы ескертті

Дәрігерлер балалар жиі шалдығатын аскаридоз туралы ескертті, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.07.2023 22:50 Сурет: pixabay
Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті аскаридоз туралы мәлімет берді. Дәрігерлердің кеңесін қаз-қалпында жариялап отырмыз.

Аскаридоз қандай ауру?

Аскаридоз – адам ағзасында тіршілік ететін жұмыр құрттардан (нематодтардан) пайда болатын ауру. Ластанған топырақтан алынған жуылмаған көкөністер мен жеміс-жидектерді жегеннен, қайнатылмаған су ішкеннен, жуылмаған қолдар арқылы құрттар адам ағзасына түсіп, ауру туғызады.

Көбіне кімдер ауырады? 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша бұл ауруға көбіне балалар жиі шалдығады. Себебі олар ластанған топырақта ойнағаннан кейін жуылмаған қолдарын ауыздарына кездейсоқ салу жағдайлары жиі кездеседі. Аскаридоз жұмыртқалары ауру адамның нәжісімен сыртқа бөлініп шығып, қоршаған ортада (топырақта) дамып, аналығы тәулігіне 250 мыңға дейін жұмыртқа салады. 

Белгілері қандай?

Аскаридоздың клиникасында 2 кезең байқалады: бастапқы (миграциялық) және соңғы (ішектегі). 

Аскарида дернәсілі өкпеге қарай алғаш көшкен кезде жөтелу, суық тию белгілері, қышыну, дене қызуы тәрізді уытты-аллергиялық құбылыстар байқалады, ал жаппай инвазиялау кезінде бронхит, пневмония, демікпе секілді асқынуларға әкеледі. 

Соңғы кезеңде ішекте асқазан-ішек жолдары қызметінің ауытқулары құсу, іш кебу, үлкен дәреттің бұзылуы, сонымен қатар тез шаршағыштық, ашуланшақтық, бас ауруы, жүрек айнуы, ұйқының бұзылуы, салмақ жоғалту белгілері болады.  

Алдын алу үшін не істеу керек?

Алдын алу шараларының негізгісі – паразиттерді тасымалдауы мүмкін адамдарды белсенді анықтау және оларды емдеу. Балаларға дәретханадан кейін және тамақтанар алдында қолды сабынмен жуу, жеміс-жидектер мен көкөністерді қайнаған сумен жуу, тырнақтарды уақытылы алу, іш киімдерді күн сайын ауыстыру және т.б. қағидаларды ұстана отырып, қарапайым санитариялық-гигиеналық тазалықты сақтауды үйрету. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: