Бір тәулікте 13 адам коронавирус жұқтырған
Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті кейінгі тәулікте коронавирус жұқтырғандар туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бір тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 13 жағдай тіркелді. Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 900 жетті. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда - 6,
Алматыда - 6,
Алматы облысында - 1.
Сонымен қатар Қазақстанда 8 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты: Оның ішінде:
Нұр-Сұлтанда - 5,
Алматыда - 3.
16 маусымдағы мәлімет бойынша қазір 169 адам коронавирус инфекциясынан (–124+ және 45 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 32 пациент стационарда, 132 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 5 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript