Бір тәулікте коронавирус инфекциясын 5 адам жұқтырған

коронавирус, ПЦР тест, пациент, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2022 10:04 Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 30 мамырдағы эпидемиологиялық жағдайдан мәлімет берді. Елімізде коронавирус жұқтырған 5 жағдай тіркелді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 750 жетті. Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтанда - 1,

  • Алматыда - 4.

Қазақстанда 10 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтанда - 3,

  • Алматыда - 5,

  • Қарағанды облысында - 2.

Елімізде барлығы 1 292 006 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

31 мамырдағы мәлімет бойынша, 132 адам коронавирус инфекциясынан (–82+ және 50 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 54 пациент стационарда, 78 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: