Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 жағдай тіркелді

Алматы, коронавирус, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.06.2022 10:26 Сурет: Zakon.kz
Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті елімізде қанша адам коронавирус жұқтырғаны туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 7 жағдай тіркелді. Оның ішінде:

  • Алматыда - 6,

  • Қызылорда облысында -1.

Осылайша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 788-ге жетті.

Сонымен қатар Қазақстанда 5 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

  • Нұр-Сұлтанда - 2,

  • Алматыда - 3.

Елімізде барлығы 1 292 040 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

6 маусымдағы мәлімет бойынша, 131 адам коронавирус инфекциясынан (–86+ және 45 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 43 пациент стационарда, 88 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Қазір КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында 7 адамның жағдайы ауыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: