Жаңалықтар тізбегі
0

Ғалымдар күніне кем дегенде 10 мың қадам жүру көмектеседі деген мифті жоққа шығарды

Ғалымдар күніне кем дегенде 10 мың қадам жүру көмектеседі деген мифті жоққа шығарды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 15:35 Сурет: Zakon.kz
Аурудың алдын алып, денсаулықты сақтау үшін күнде 10 000 қадам серуендеу оңайырақ болуы мүмкін. Бірақ ғалымдар денсаулыққа қажет қадам бұдан әлдеқайда аз екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еуропалық профилактикалық кардиология журналында жарияланған жаңа зерттеу денсаулыққа күнде қажет қадам саны әлдеқайда аз екенін көрсетіп отыр. Бұл туралы Sky News жазды.

Мәліметтерге сүйенсек, кез келген себептерден болатын өлім қаупін азайту үшін 3967 қадам ғана жеткілікті. Ал жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайту үшін 2337 қадам жеткілікті.

"Әрине, неғұрлым көп қадам болса, соғұрлым жақсы. Әр 500-1000 қадам қосылған сайын өлім қаупі айтарлықтай төмендейді. Тәулігіне 1000 қадам қосып отыру кез келген себептерден болатын өлім қаупін 15% төмендете алады. Ал 500-ге артса, жүрек-қан тамырлары ауруларынан болатын өлім қаупінің 7% төмендеуіне себеп болады", - дейді ғалымдар.

Адамдар күніне 20 000 қадамға дейін жүрсе де, денсаулыққа пайдасы арта берді. Артықшылықтар жыныс және жас топтары бойынша көрінеді. Талдауға бүкіл әлем бойынша 17 бөлек зерттеуде 226 000-нан астам адам қатысты. Лодзь қаласындағы Польша медициналық университетінің кардиология профессоры Мацей Банах оның тобының нәтижесі жасына немесе тұрғылықты жеріне қарамастан әйелдер мен ерлерге қатысты екенін айтты.

Жалпы дені сау барлық қатысушы зерттеуге орта есеппен жеті жыл бойы қатысқан. Олардың орташа жасы - 64. Ал әйелдер мен ерлердің арақатынасы шамамен 50-де 50. 60 жастан асқан қатысушылар тәулігіне 6000-нан 10 000 қадам жүрсе, өлім қаупі 42% төмендеді. Ал 7000-нан 13000-ға дейін қадам басқан жастарда 49% төмендеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: