Желтоқсан айының қай күндері магнит дауылы болады
Сурет: unsplash
Желтоқсан айының басында магнит дауылы соғады. Бұл уақытта ауа райына тәуелді адамдарды бас ауруы, ұйқысыздық мазалап, созылмалы аурулардың өршу қаупі бар, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мамандардың айтуынша, дауылдың шарықтау шегі 5 желтоқсанға келеді. Дауыл деңгейі 9 балдан 5 балға жетуі мүмкін. 6 желтоқсанда белсенділік төмендеп, шамамен 4 балл болады.
Сосын екі аптадай күн тыныш болады. Бірақ 17 желтоқсанда геомагнит тербелісі қайтадан басталып, 5 балға жетеді.
24-28 желтоқсан аралығында да магнит дауылы болады деп болжанды. Оның әсерін әдетте ауа-райы әсер етпейтін адамдар да сезінеді. 30 және 31 желтоқсанда тағы да дауыл болады, бірақ оны тек ауа райына тәуелді адамдар ғана сезеді. Бұл туралы AIF жазды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript