40 жастан кейін жаттығу залында ұзақ жаттығудың қажеті жоқ - мамандар балама тәсілдер ұсынды
Сурет: pexels
Fox News мәліметінше, 63 жастағы Дайкелер 28 жылдан бері BODi фитнес брендіне жетекшілік етіп келеді. Ол бұлшықет топтарын кезекпен жаттықтыруға кеңес береді: мысалы, бір күні кеуде бұлшықеттерін, келесі күні дененің жоғарғы бөлігін, одан кейін аяқ пен бөксе бұлшықеттерін жаттықтыруға болады.
"Күніне 10 минут жаттығу жасап, бұлшықетті өсіріп, сақтай аласыз", – деді маман.
Сонымен қатар ол күш жаттығуларын кардио және икемділікті арттыратын жаттығулармен үйлестіруді ұсынады. Дайкелердің айтуынша, жас ұлғайған сайын жаттығудың негізгі мақсаты сыртқы келбет емес, күш-қуатты, қозғалыс белсенділігін және өз бетінше өмір сүру қабілетін сақтау болуы керек.
Салмақты айтарлықтай азайту үшін маман күнделікті белсенділік ұзақтығын 20-30 минутқа дейін арттыруға кеңес береді.
Ақпараттық сипаттағы бұл материалды дәрігердің тағайындауымен теңестіруге болмайды. Қандай да бір шешім қабылдамас бұрын маманмен кеңесіңіз.