ЖРВИ маусымында не істеу керек: Қазақстан Денсаулық сақтау министрлігінің маңызды кеңестері
Сурет: pexels
Комитеттің 2026 жылғы 7 қазандағы мәлімдемесінде, тұрғындарға аурудың алдын алу шараларын сақтау, медициналық көмекке уақтылы жүгіну және дәрі-дәрмектерді ұтымды пайдалану ұсынылды.
Тұмау мен ЖРВИ-дің алдын алуға арналған негізгі кеңестер:
- жеке бас гигиенасы ережелерін сақтау;
- бөлмені үнемі желдету;
- мүмкіндігінше респираторлық инфекция белгілері бар адамдармен байланыста болмау;
- ауру белгілері пайда болған жағдайда айналадағы адамдармен қарым-қатынасты шектеу;
- медицина қызметкерлерінің ұсынымдарын орындау;
- тұмауға қарсы вакцинация жөніндегі ұсынымдарды сақтау.
Үйдегі дәрі қобдишасында не болуы керек:
- дене қызуын түсіру және ауырсынуды басу үшін парацетамол 500 мг;
- дене қызуын түсіру, ауырсыну мен қабынуды азайту үшін ибупрофен 200–400 мг;
- мұрынның шырышты қабатын шаюға және ылғалдандыруға арналған натрий хлоридінің изотониялық ерітіндісі немесе тұзды ерітінді;
- мұрын қатты бітелген жағдайда қолданылатын тамыр тарылтатын дәрі;
- ағзадағы сұйықтық пен электролиттердің орнын толтыруға арналған ауыз арқылы қабылдайтын регидратациялық ерітінділер;
- дене қызуын бақылауға арналған термометр.
Бұл ретте рецептімен берілетін вирусқа қарсы препараттарды дәрігердің кеңесінсіз өз бетінше қабылдау ұсынылмайды. Ал антибиотиктер тұмау мен ЖРВИ жағдайларының басым бөлігін тудыратын вирустарға әсер етпейді.
Антибиотиктерді өз бетінше қабылдау микроорганизмдердің бактерияға қарсы препараттарға төзімділігінің қалыптасуына, жағымсыз реакцияларға және басқа да асқынуларға әкелуі мүмкін.
Мамандар бірнеше дәріні қатар қабылдаған кезде олардың мөлшерлемесін мұқият тексеруге кеңес береді. Себебі кейбір препараттардың құрамында парацетамол болуы мүмкін, ал оның шамадан тыс мөлшері ағзаға қауіпті.
ЖРВИ жеңіл өткен жағдайда емделу демалуды, сұйықтықты жеткілікті мөлшерде ішуді және симптоматикалық терапияны қамтуы мүмкін.
Ал дене қызуы ұзақ уақыт бойы жоғары болып тұрса, тыныс алу қиындаса, кеуде ауырса, жағдай жақсарғаннан кейін қайта нашарласа немесе басқа да айқын әрі әдеттен тыс белгілер пайда болса, дәрігерге қаралу қажет.
Ерте жастағы балаларға, қарт адамдарға, жүкті әйелдерге және созылмалы аурулары бар адамдарға ерекше көңіл бөлу керек.
Бұған дейін қазақстандықтарға қандай жағдайда қабылдауды медбике, ал қай кезде дәрігер жүргізетіні түсіндірілген болатын.