«Sputnik V» вакцинасын салғызғандарға Сауд Арабиясына кіруге рұқсат етілді
Сурет: pixabay
Бұл Мекке мен Мединаға қажылыққа баруға мүмкіндік береді
Сауд Арабиясы 1 қаңтардан бастап Ресейдің «Sputnik V» вакцинасының 2 дозасын салдырған азаматтарға елге кіруге рұқсат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл Мекке мен Мединаға қажылыққа баруға мүмкіндік береді.
Жергілікті Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Сауд Арабиясына кіру үшін туристер екпенің екі дозасын да салдыруы тиіс. Сондай-ақ 2 тәулік карантинде болып, ПТР-сынамасы теріс нәтиже көрсетуі міндеттеледі.
Бұған дейін әлемнің 101 мемлекетінің билігі «Sputnik V» препаратын қабылдаған шетелдіктерге елге кіруге рұқсат берген еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript