Қазақстан Sputnik Light ресейлік вакцинасын тіркеді

gov.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2021 23:41 gov.kz
Бір компонентті "Sputnik Light" вакцинасы халықты вакциналау уақытын қысқартуға және ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын жеделдетуге мүмкіндік береді.

Ресейлік бір компоненттен тұратын коронавирусқа қарсы Sputnik Light вакцинасы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен тіркеуден өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РТИҚ) хабарлады.

Қор Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы ресейлік бір компонентті Sputnik Light вакцинасын тіркегені туралы хабарлайды, - делінген РИА Новости-де жарияланған хабарламада.

Бір компонентті "Sputnik Light" вакцинасының тиімділігі иммундаудан кейін 28-ші күнде 79,4% құрайды.

Қазақстанда коронавирустың жаңа инфекциясының алдын алу үшін Sputnik V вакцинасы сәтті қолданылып келеді. Бір компонентті "Sputnik Light" вакцинасы халықты вакциналау уақытын қысқартуға және ұжымдық иммунитеттің қалыптасуын жеделдетуге мүмкіндік береді, - деді қор жетекшісі Кирилл Дмитриев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: