Жаңалықтар тізбегі
0

Навальный, Арон Атабек. Қазақстан халқы 2021 жылы Google-дан не іздеді

Google Қазақстанда, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2021 14:46 Сурет: pixabay
Топ-сұраныстар қандай екен?

Google 2021 жылы қазақстандық Google пайдаланушылардың ең танымал сұраныстарының жиынтық рейтингін ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жыл соңында дәстүрлі түрде қазақстандықтардың жиі іздегендерін анықтау үшін миллиондаған сұраныстарға талдау жасалыпты.

Қазақстанда жылдың ең танымал Google сұранысы «Онлайн мектеп» болды. Қазақстандық Google пайдаланушыларының білім ресурстарына жоғары сұранысы екінші жыл қатарынан сақталып отыр: сұраныстардың алғашқы ондығында ГДЗ, Білім ленд, Күнделік кз кіру және Нұр сабақ тұр.

Сондай-ақ қазақстандықтар ұлттық санақ, Еуро-2020 чемпионаты және «Игра в кальмара», «Битва титанов» және «Истинная красота» сериалдары туралы ақпарат іздеген.  

Қазақстандықтар саясаткерлер мен бизнесмендер туралы жиі ақпарат іздеген. Көшбасшылар арасында Алексей Навальный, биші және блогер Азамат Айталиев, әнші МакSим, актер Фархат Абдраимов және бизнесмен Кеңес Рақышев бар.

Сондай-ақ «Персона» санатындағы топ-сұранысқа  Принц Филипп, Арон Атабек, Ильназ Галявиев, Жан Поль Бельмондо және Саид Губденский кірді.  

Қазақстандық Google пайдаланушылардың нұсқасы бойынша «Веном 2» триллері жыл фильмі болды. Сондай-ақ «Жыл фильмі» санатындағы ең танымал сұраныстардың қатарына «Лига справедливости Зака Снайдера», «Отряд самоубийц 2», «Круэлла» картиналары, «Душа» әсерлі мультфильмі және  Marvel әлемінен «Вечные» жаңа фильмі кірді. Одан басқа,  «Гнев человеческий»,  «Черная вдова», «Красное уведомление» және «Мортал комбат» атыс-шабыс фильмдері ондыққа кірді.

«Сериал» санатындағы көшбасшылар үштігіне танымал болған «Игра в кальмара» сериалы, «Атака титанов» анимесі және  «Истинная красота» дорамасы кірді. Қазақстандықтардың арасында бұрынғысынша Түрік және Оңтүстік Корея сериалдары қалаулы болып қалып отыр, осы жылы ең танымалдар арасында «Королева Чорин» және «Винченцо» дорамалары мен Түріктің «Постучись в мою дверь» сериалы ең танымалдар қатарында. Топ-10-дыққа сондай-ақ Netfliх-тің «Токийские мстители» мен «Обещанный Неверленд», «Джинни мен Джорджия» анимелері және Ресейдің «Трудные подростки» сериалы кірді.

«Сатып алу» санатында 2021 жылы төртінші жыл қатарынан теміржол билеті жеңімпаз болды. Сондай-ақ қазақстандықтар Алматыдан пәтерлер сатып алу, ұшаққа, киноға және Медеуге билеттер, бассейндер, кондиционерлер мен Астанада көмір сатып алу туралы ақпарат іздеген. 

2021 жылы Қазақстанда ең көп салынған сұраулардың толық тізімі келесідей:

Ең танымал сұраныстар:

  1. Онлайн мектеп

  2. ГДЗ

  3. Білім ленд

  4. Нұр сабақ

  5. Игра в кальмара

  6. Евро 2020

  7. Sanaq gov kz

  8. Атака титанов

  9. Күнделік кз кіру

  10. Истинная красота

Персона:

  1. Алексей Навальный

  2. Азамат Айталиев

  3. МакSим

  4. Фархат Абдраимов

  5. Кеңес Рақышев

  6. Принц Филипп

  7. Арон Атабек

  8. Ильназ Галявиев

  9. Жан Поль Бельмондо

  10. Саид Губденский

Сатып алулар:

  1. ТЖ билеті

  2. Алматыда пәтерлер

  3. Ұшаққа билет

  4. Бассейн 

  5. Машина 

  6. Кондиционер

  7. Медеу билеттер

  8. Сәтті жұлдық онлайн билет сатып алу

  9. Киноға билеттер

  10. Астанада көмір

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: