Арон Атабек денсаулығына байланысты түрмеден босатылды
2021 жылдың 01 қазанында Павлодар қалалық №2 сотымен "АП-162/1 мекемесі" РММ-нің Арон Едигеевке қатысты, оның науқастануына байланысты бас бостандығынан айыру жазасының өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазаның түріне ауыстыру туралы ұсынысы қаралды, деп хабарлайды zakon.kz қалалық сотқа сілтеме жасап.
Сот анықтағандай, сотталушы келесі емделмейтін аурумен ауырады: "М50.0. Омыртқаның мойын бөлігі омыртқааралық дискісінің миелопатиясымен зақымдалуы (G99.2). М50.1. Жұлынның мойын бөлімі деңгейіндегі дегенеративті - демиелинизирлеуші ауруы және т.б. Осы ауру Қазақстан Республиасының Ішкі Істер Министрінің 2014 жылғы 19 тамыздағы №530 бұйрығымен бекітілген науқастануына байланысты жазасын өтеуден босатудың негізі болып табылатын сотталғандардың аурулар Тізбесіне кіреді.
Заң талаптарына сәйкес, (ҚК-тің 75 бабының 2 бөлігі), өмір бойына бас бостандығынан айырудан басқа, жазаны өтеуге кедергi жасайтын ауыр науқастан зардап шегуші адамды сот жазаны өтеуден босатады немесе науқасының сипаты, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтың ауырлығы, сотталған адамның жеке басы және басқа да мән-жайлар ескеріле отырып, жаза неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.
Заңда баяндалған мән-жайлар мен процесске қатысушылардың пікірін ескеріп, сотталған тұлғаға бостандығын шектеу жазасы 1 жыл мерзіміне пробациялық бақылау орнату мен міндеттерді жүктеуіне ауыстырылды.
Сот шешімімен келіспеген жағдайда сотталған тұлға және процестің басқа қатысушылары апелляциялық сот сатысына шағым түсіруіне құқығы бар.
2006 жылғы "Шаңырақ" оқиғасынан кейін 18 жылға сотталып, 15 жылын түрмеде өткізген, құқық қорғаушылар саяси тұтқын деп таныған диссиденттің шамамен бір апта бұрын ауруханаға түскені белгілі болған.