Қазақстанның бес өңірінде дауылды ескерту жарияланды
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты Қазақстанның бес аймағында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Метеорологтар 9 желтоқсан күні таңертеңнен кешке дейін Қызылордада шығыстан жел соғатынын, оның күндіз екпіні 15-20 м/с болатынын атап өтті.
Сонымен қатар, 8-9 желтоқсан аралығында Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, тау бөктерінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Шығыс, оңтүстік-шығыстан солтүстікте, облыстың таулы аудандарында жел екпіні 15-20 м/с күшейеді.
Шымкент пен Түркістанда 9 желтоқсанда түнде тұман түседі.
Сондай-ақ, Алматы облысының солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі. Солтүстік-шығыстан, облыстың шығысы мен оңтүстігінде 15-20 м/с жел тұрады, түнде және таңертең таулы аудандарда қалың қар жауады.
Талдықорғанда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болуы мүмкін.
Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-батысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
9 желтоқсанда Атырау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді деп ескертіледі.
Атырауда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді.