Дауылды ескерту. Төрт облыс мен Нұр-Сұлтанда ауа-райы бұзылады
Қазақстанның төрт өңірінде дауылды ескерту жарияланды. 17 сәуірге арналған ауа-райы болжамын "Қазгидромет" жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақмола облысында кей жерлерге тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа ойысады, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, күндіз көп жерде 15-20, кей жерлерде желдің есуі 23 м/с жетеді.
Ел астанасында түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтілуде. 15-20 м/с дейін жел еседі.
Көкшетауда түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтілуде. Дауыл ықтималдығы 85-90%.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман, күндіз күн күркіреп, 95-100% дауыл тұрады.
Қостанай облысында тұман, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан есетін желдің жылдамдығы күндіз 15-20 м/с.
Қостанайда – солтүстік батыстан жел келеді, 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында солтүстік-шығыстан жел күтілуде, жылдамдығы 15-20 м/с.
Оралда 17 сәуірде солтүстік-шығыстан жел соғады деп күтілуде, желдің жылдамдығы 17 м/с болады.