Жаңалықтар тізбегі
0

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.07.2018 15:35 baq.kz
Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты 19 шілдеде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерде жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды, бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың кей жерінде жел күшейіп, шаңды дауыл соғады, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі.

Жамбыл, Түркістан, күндіз Қызылорда облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшейіп, шаңды дауылға ұласуы ықтимал.

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде түнде және таңертең - тұман, күндіз Қарағанды облысының кей жерінде желдің 18 м/с күшеюі күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Маңғыстау, түнде Батыс Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Қостанай облыстарының кей жерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Түркістан, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерінде аптап ыстық сақталады.

Маңғыстау облысында, Қызылорда, Түркістан, Атырау облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан,, Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: