Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады

baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.03.2018 15:38 baq.kz
Республиканың басым бөлігіне тұман түседі.

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болып, кей өңірлерге қалың қар жауады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Республиканың басым бөлігіне тұман түседі. Батыс Қазақстанда қар жаумайды. Кей жерлерде жел күшейіп, боран соғып, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан облысының бірқатар аймақтарына тұман түсіп, боран соғады. Жел секундына 15-20 метрге дейін күшейіп, екпіні 23-28 метрге жетеді.

Жамбыл, Қызылорда, Атырау облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақмола облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады, күндіз-түні тұман түсіп, боран болады. Алматы облысында күндіз жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысында тұман болады. Қостанай облысында боран соғып, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Павлодар, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе облыстарында ауа райы тұманды болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: