Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Кей жерлерінде қар жауып, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын күтіледі. Республиканың басым бөлігінде тұман сақталады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман болып, желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28, оңтүстік-батыста 30 м/с аса күтіледі.
Алматы облысының кей жерлерде тұман, Жалаңашкөл ауданында желдің күші 18-23, күндіз екпіні 28 м/с жетеді.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында желдің күшеюі 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жел 15-25 м/с күшеюі күтіледі.
Ақтөбе облысында түнде жел 18 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі.
Ақмола, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінің тұман күтіледі.