Бүгін еліміздің басым бөлігінде жел күшейеді

aqmeshit-zhastary.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.06.2018 15:40 aqmeshit-zhastary.kz
Оңтүстікте шаңды дауыл соғып, солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; жел күшейіп, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 23 м/с-ға жетеді. Алматы, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл болып, желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға жетеді. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз дауыл, шаңды дауыл күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, желдің жылдамдығы 15-22 м/с, түнде және таңертең тұман күтіледі. Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, Ақмола облысының кей жерлерінде күндіз дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с-ға дейін күшейеді, күндіз бұршақ жаууы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға дейін күшейеді. Маңғыстау облысында, Атырау, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: